Date of publication: 14.03.2022 11:36
Date of changing: 14.03.2022 11:54

"Үш компонентті интеграцияланған жүйені қолданудың артықшылықтары туралы" семинар

 

11.03.2022 жылы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп онлайн режимде "үш компонентті интеграцияланған жүйені қолданудың артықшылықтары туралы" тақырыбында семинар өтті.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Алмат Серікұлы Қалиев жеке кәсіпкерлер үшін үш компонентті интеграцияланған жүйені қолданудың артықшылықтары туралы айтып берді.

Семинар "Prosklad ТИС" және "ТРИНИТИ" компанияларының ҮИЖ әзірлеушілері өкілдерінің қатысуымен өтті. ҮИЖ әзірлеушілерінің өкілдері ҮИЖ модельдерінің қолданыстағы мүмкіндіктері туралы кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.

"Вместе мы сила" кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Эдиль Казакпаев "E-Salyq Business"мобильді қосымшасының артықшылықтары туралы пікірімен бөлісті.