Date of publication: 04.03.2022 12:07
Date of changing: 04.03.2022 11:55

Кедендік рәсімдер және олардың түрлері

 

Кеден саласында кедендік рәсімдер маңызды роль атқарады. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарлардың болуы және пайдаланылуы, олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде болуы және пайдаланылуы мақсатына байланысты тауарларға қатысты 17  кедендік рәсімдер қолданылады.

Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде «Достық» кедені арқылы 99,9 пайыз мөлшерінде тарнзиттік бағытта тауарлар өткізілді.

Қазіргі уақытта да Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің «Теміржол» кеден бекеті арқылы бірнеше  кедендік рәсімдер бойынша  тауарлар ресімделуде. Атап өтер болсақ:

 -ішкі тұтыну үшін шығару;

 -экспорт;

 -кедендік транзит;

 -уақытша әкелу (жіберу);

 -уақытша әкету;

 -кері импорт;

 -кері экспорт;

Жоғарыда аталған кедендік рәсімдердің ішінде «Теміржол» кеден бекетінде белсенді түрде қолданылатындары кедендік транзит және ішкі тұтыну үшін шығару.

Барша оқырман қауымға түсінікті болу үшін, осы рәсімдерге қысқаша анықтама бере кетейік.

          Егер Кодексте өзгеше белгіленбесе, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімі шетелдік тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында көзделген, оларға иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету жөніндегі шектеулерсіз тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болатын және пайдаланылатын шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады.

Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:

1) осы Кодекске сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу;

2) Кодекске сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу;

3) Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау;

4) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарынан және (немесе) одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждардан өзгеше түрде белгіленген ішкі нарықты қорғау шараларын сақтау жатады.

Декларантта ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет кеден органы тауарларға арналған декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.

Кедендік транзит кедендік рәсімі – тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын сақтау кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеусіз жөнелтілетін кеден органынан межелі кеден органына дейін тауарлар тасылатын (тасымалданатын) кедендік ресім.

 Кедендік транзит кедендік рәсімі:

      1) келу орнындағы кеден органынан кету орнындағы кеден органына дейін;

      2) келу орнындағы кеден органынан ішкі кеден органына дейін;

      3) ішкі кеден органынан кету орнындағы кеден органына дейін;

      4) бір ішкі кеден органынан басқа ішкі кеден органына дейін;

      5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары және (немесе) теңіз арқылы кеден органдары арасында тасу (тасымалдау) кезінде қолданылады.

          Осы рәсімдер бойынша 2020-2021 жылдарға қысқаша сараптама жасап, талдау жасайтын болсақ,  кеден бекетіміз төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткізген болатын.

                                                                                                                     1-кесте

Жоспар (қаңтар-желтоқсан)

2021 ж.

01.01.2021 жылғы жағдай бойынша

факт

2021 жылғы

қаңтар-желтоқсандағы жоспарадан 

2020 жылғы жағдай бойынша

факт

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда

айырм. (факт- жоспар)

% орынд.

 

айырм.

өсу қарқыны (%)

19 753 455

15 404 849

-4 348 606

78,0

1 357 233

14 047 616

1 135,0

 

2021 жылы өндірілген КБжС-ның жалпы сомасы 25 млрд.84 млн. 824 мың теңгені құрады, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 892% - ға артық. (2 млрд.811 млн. 847 мың теңге - 2020 жыл.)

2021 жылы ИМ-40 рәсімі бойынша 5 398 көлік құралы шығарылды. Жалпы салмағы  92 млн. 669 мың тонна, статистикалық құны  542 млн. 20 мың АҚШ доллары. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 585,5% - ға (2020 жылы 922 көлік құралы) ұлғайды, бұл ретте салмақтық мәнде 329 % - ға, статистикалық құны 1 426% - ға ұлғайды.

          2021 жылдың 12 айында 181 тауарларға арналған декларациясына қатысты іске қосылған ТБЖ бойынша кедендік құнға түзетулер енгізіліп, КБжС-ның жалпы сомасы 133 млн. 777 мың теңгені құрады. Бір  КҚТ-ден  (кедендік құнды түзету) орташа өндіріп алу 739 мың теңгені құрады.

 

 

 

 

 

                                                                                                                   2-кесте

2021 жылға КҚТ-ның саны

КҚТ бойынша КБжС-ның жалпы сомасы (теңге)

1 КҚТ-ден   орташа               

                      өндіріп алу

181

133 776 939,39

739 099

 

2021 жылдың 12 айында барлығы 5 309 тауар декларациясы ресімделді. (ИМ-40  рәсімі бойынша 5 286 тауарларға арналған декларация, ЭК-10 рәсімі бойынша 17 тауарларға арналған декларация, ЭК-31 рәсімі бойынша 6 тауарларға арналған декларация) осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда ресімделген тауарларға арналған декларациялардың  495% - ға ұлғайғаны байқалады. (2020 жылдың 12 айында барлығы 872 тауарларға арналған декларация  ресімделді).

                                                                                                           3-кесте

Кедендік рәсімдер

Тауарларға арналған декларациялардың саны (2021 жыл)

Тауарларға арналған декларациялардың саны (2020 жыл)

Айырмашылығы +/-

Пайыздық айырмашылығы

ИМ-40

5286

866

+4420

+610,39%

ЭК 10

17

4

+13

+ 425%

ЭК 23

0

1

-1

-100%

ЭК-31

6

0

+6

+100%

ИМ-60

0

1

-1

-100%

Жиыны

5309

872

+4437

+608,83 %

 

Кедендік транзит кедендік рәсімі бойынша:

2021 жылдың 12 айында 186 088 транзиттік декларация ресімделді, 2020 жылы – 178 909 транзиттік декларация, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7 179 ТД немесе 4% - ға ұлғайғаны байқалады.

2021 жылы ресімделген көлік құралдарының саны 183 901 құрады, 2020 жылы 176 731 көлік құралы ресімделді, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7 170 КҚ-ға немесе 4% - ға ұлғайғаны байқалады.

Талдау жасалынып отырған кезең бойынша тауар айналымының жалпы сомасы құндық мәнде 26 494 026 мың АҚШ долларын құрады. АҚШ долларын құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңінде тауар айналымының сомасы 22 522 566 мың АҚШ долларын құрады. АҚШ долларын құрады, 18% - ға ұлғайғаны байқалады.

Есепті кезеңде салмақтық мәнде тауар айналымы 2 873 699 мың тоннаны құрады, 2020 жылы 3 028 042 мың тонна, -5% - ға азайғаны байқалады.

         Межелі елдер бойынша өткізілетін "Теміржол" өткізу пунктіндегі 2021     

жылдың 12 айы үшін ақпарат мынадай:

          - Қазақстан Республикасының  аумағына-23 484 ТД ресімделді, салмағы 560 553 тоннаны құрады;

-Кедендік одақ елдеріне-11 949 ТД, салмағы 280 521 тонна;

          -Үшінші елдерге-150 655 ТД, салмағы 2 032 625 тонна.

Әкімшілік бұзушылықтар бойынша мәліметтер.          

4-кесте

Көрсеткіштер атауы

2021 жыл

2020 жыл

Айырмашылығы

+/-

Пайыздық көрсеткіші

Әкімшілік бұзушылықтар (материалдардың саны )

663

225

438

195

Салынды (теңге)

63 758 328

11 374 320

52 384 008

461

Өндіріліп алынды 

(теңге)

63 685 403

11 374 320

52 311 083

460

          Кедендік рәсімдер бойынша ойымызды қорыта келе айтарым, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Теміржол» кеден бекетінде кедендік транзит кедендік рәсімінің үлесі көбірек.

Жоғарыда аталған көрсеткіштер жылдан-жылға ресімделіп жатқан декларация санының артып келе жатқандығын көрсетеді.  

 

 

«Теміржол» кеден бекетінің жетекші маманы,

Саякова Жанар Оралбековна