
Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны толтыру тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлері үшін 270.00 Сен-ның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны толтыру тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы А.А. Әбілмажинов және бас маман Л. Е. Оразбекова декларацияны қалай толтыру керектігін түсіндірді.