Date of publication: 14.02.2022 16:30
Date of changing: 14.02.2022 16:32

Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет!

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, БКМ фискалдық чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет!» акциясы әрекетінің жалғасуы туралы хабарлайды.

«Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет!» акциясына кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Барлық жіберілген өтініштерді мемлекеттік кірістер органдары қарайтын болады.

Фискалдық чекті бермеу фактілері туралы App Store және Play market-тен "Wipon" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (1000 теңге) алуға болады.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруге, заңды бұзуға нөлдік төзімділік танытуға және «Азаматтық  бақылау – түбіртекті талап ет!» акциясына белсенді қатысуға шақырады.