
2022 жылға салық есептілігін табыс ету бойынша
Құрметті салық төлеуші (салық агенті)!
Салық заңнамасының өзгеруіне байланысты, ҚР ҚМ 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына қолданыстағы салықтық есептілігі нысандарына және оларды жасау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Есептіліктің жаңа нұсқасын жариялау туралы «Салық төлеушінің кабинеті», «СТ СЕӨЖ» АЖ-да жүйелік жаңалықтар арнасында, сондай-ақ уәкілетті органдардың (kgd.gov.kz) интернет-порталында хабардар боласыз.
Осыған байланысты, салық міндеттемелерін уақытылы орындау мақсатында салық есептілігінің жаңа нұсқасын жариялау алдында, салық есептілігін табыс ету кезінде Салық төлеушінің кабинетінде, «СТ СЕӨЖ» АЖ және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) веб-порталында қол жетімді нысандары қолданылады.