
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Теміржол" кеден бекетінде тауарлар ұсталды
2022 жылғы 18 қаңтарда кедендік тексеру актісі негізінде "Теміржол" кеден бекетінің қызметкерлері тауарға ілеспе құжаттардағы орындар саны мен салмағы жүк орындарының нақты мәлімделген санына және тауардың салмағына сәйкес келмеу себебінен "G" жүк алушының тауарларын ұстады.
Сондай-ақ, кедендік тексеру барысында нақты орындарды қайта есептеу және тауарларды өлшеу кезінде тарнзиттік декларацияда және тауарға ілеспе құжаттарда мәлімделмеген тауарлар анықталды.
Ұсталған тауарлар Достық станциясында "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ жауапты сақтауына берілді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі №30 "тарифтік емес реттеу шаралары туралы" шешімі негізінде "теміржол" кеден бекетінің қызметкерлері жалпы салмағы 1446 кг СЭҚ қатысушыларына 4974 АҚШ доллары сомасына тауарлар мен оларға арналған құжаттарды 2022 жылғы 9 және 12 қаңтарда ұстау хаттамасын жасады.
Сондай-ақ "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 05 ақпандағы №104 қаулысына сәйкес "теміржол" кеден бекетінің қызметкерлері 2022 жылғы 19 және 21 қаңтарда 596 685 АҚШ доллары сомасына жалпы салмағы 10949 кг тауарларды ұстау хаттамасын жасады.
Ұстау себебі лицензия немесе уәкілетті органның қорытындысы түрінде әкелуге рұқсат құжаттарының болмауына байланысты.
Ұсталған тауар Достық станциясында "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ жауапты сақтауына берілді.