
Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Болат Темірханұлы қайтыс болды
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Болат Темірханұлы Сәтпаевтың мезгілсіз қайтыс болуы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Бұл туралы қайғылы жаңалық оның барлық әріптестері үшін нағыз соққы болды.Қырық күн бізбен бірге емес.
Болат Темірханұлы Сәтпаев 1963 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1984 жылы бастаған. Салық саласы бойынша Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола облыстарында қызметіне жетекшілік етті.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы Болат Темірханұлы Сәтпаевтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Иманы жолдас,жатқан жері жайлы болсын