Date of publication: 01.02.2022 15:36
Date of changing: 01.02.2022 15:23

 

Кәсіпкерлер үшін үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) қолданудың қандай артықшылығы бар?

 

2022 жылы ҚҚС бойынша есепке қою үшін ең төменгі айналым 20 000 еселенген АЕК мөлшерін құрайды, яғни 61 260 000 теңге.

 

Бұл ретте қолма-қол ақшасыз жолмен алынған айналымдарға (яғни банк карточкалары арқылы сатып алушылармен есеп айырысуларға) қатысты ҮИЖ-ді пайдалана отырып, қосылған құн салығы бойынша шек 124 184 АЕК-ке дейін, яғни 380 375 592-ге дейін көтерілді.

 

Осылайша, ҮИЖ пайдалану кезінде табыс ұлғайған кезде оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер белгіленген шектердің асып кетуі немесе ҚҚС бойынша есепке қою қажеттілігі туралы алаңдаушылық туындамайды.

 

ҮИЖ қолдану үшін не қажет?

 

Бірінші, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына https://kgd.gov.kz/kk/content/ush-kuramdasty-integraciyalangan-zhuyelerdin-biryngay-tizilimi-1 сілтеме бойынша кіріп,ҮИЖ моделін таңдау қажет.

 

Екінші, ҮИЖ орнату үшін ҮИЖ әзірлеушісімен хабарласу.

 

Үшінші,  салық төлеушінің кабинетіне кіріп, тиісті өтінішті толтырып, мемлекеттік кірістер органдарында ҮИЖ-ін тіркеу.