Date of publication: 05.09.2016 18:49
Date of changing: 05.09.2016 18:50

Бірінші қыркүйек қарсаңында Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері облыстық №1 балалар үйіне барып түлектерді жаңа оқу жылымен құттықтады. Балаларға жақсы көңіл-күй, амандық, денсаулық және ұздік бағалар тіледі. Сыйлыққа мектеп иыққаптарын, дене шынықтыру киімдерін, аяқ киімдер, дәптерлер, түрлі-түсті қарындаштар мен балалар жақсы көретін мороженный сыйға тартты.

Біздің азаматтық парызымыз-ата-анасы жоқ балаларға көмек, қолдау көрсету. Олардың балалық шағын кішкене болса да бақытты ету-біз ұшін үлкен қуаныш, деді өз сөзінде Депратаменттің өкілі Т.Ақбаев.

Балалар келген қонақтарға көрстекен ықыластары мен сыйлықтарына алғыс айтып алда да кездесетіндеріне үміт білдірді.