Қазақстанда ЭШФ рәсімдеу бойынша жаңа бақылау енгізіледі
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық шот-фактураларға автоматтандырылған және салыстырмалы бақылау жүйесі іске қосылады.
Автоматтандырылған бақылау (е-Тамға)
* ЭШФ тек расталған шығындар болған жағдайда ғана рәсімделеді.
* ҚҚС балансы «е-Тамға» сервисінде нақты уақыт режимінде автоматты түрде есептеледі.
* Балансты толықтыру — МКК қазынашылық шоты арқылы, алдын ала салықсыз.
* Пайдаланылмаған қаржыны өтініш беріп қайтаруға болады.
* Бақылау тек тәуекелді салық төлеушілерге қолданылады.
* Мерзімі — 12 ай, ал шарттар орындалса, 6 айдан кейін мерзімінен бұрын алып тастауға болады.
Салыстырмалы бақылау
* Жалған жеткізілімдерді анықтау үшін жүргізіледі.
* Тек жалған ЭШФ белгілері бар шағын топтағы салық төлеушілерге қатысты.
* Хабарлама келеді — орындау мерзімі 10 жұмыс күні:
* Келіссе → ЭШФ қайтарылады
* Келіспесе → түсініктеме беру қажет
* Уақытылы жауап берілмесе → ЭШФ рәсімдеу бұғатталады және банк операцияларына шектеулер қойылады
Жаңа Салық кодексі ашықтықты арттыруға, көлеңкелі экономикамен күресуге және әкімшілендіруді оңайлатуға бағытталған.





























