
Кәсіпкердің құқығы әрқашанда қорғалуы тиіс!
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және кәсіпкерлердің құқығын қорғау" тақырыбындағы Консультативтік Кеңес отырысына Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы- Байқаш Ә.Т. қатысты.
Кеңес отырысында Байқаш Ә.Т.: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі. Кәсіпкерлікті дамыту, бизнес үшін қолайлы жағдай жасау салық және кеден органдарының жұмысындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.
Кеңес мүшелері күн тәртібінде қаралған кәсіпкерлердің құқығын толықтай қорғау бірінші орында деп бірауыздан шешім қабылдады