
Құрметті әріптестер!
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің іргесі мықты болып, халқымыз бақыт пен шаттыққа толсын, арман-мұратымыз бен ізгі тілектеріміз орындалып, туған жеріміздің берекесі молая берсін!
2016 жыл бейбітшілік пен жақсылық, тұрақтылық пен жаңа жетістіктер әкелсін. Ел экономикасың дамуына республикамыздың мемлекеттік кірістер қызметкерлерінің қосар үлесі ұлғая берсін!
Жаңа жылда Сізге денсаулық, ұзақ өмір, береке-бірлік, еңбекте жеміс тілеймін. Келе жатқан жыл Сізге және жақындарыңызға мол қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй, бақыт әкелсін.
Құрметпен, Қ. Исақов,
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы