Дата публикации: 30.03.2017 10:34
Дата изменения: 30.03.2017 11:36

Наурыз мерекесімен құттықтады

 Наурыз мерекесіне орай Ескелді ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Зайда Ілімжанованың бастамасымен ауданда еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлердің үйіне барып, Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілеп, өздерінің мерекелік сый-сияпаттарын табыс етті. Тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің белгісі әрі Наурыз мерекесінің жарасты салтын дұрыс түсінген басқарма басшысының мына суреттен ауданымызда ұзақ жылдар табанды да табысты еңбек еткен, аудан экономикасын нығайтуда орасан зор үлес қосқан Мұхаметқали Баймұратұлы Тілеубергеннің отбасында болып, әңгіме-сұхбат құрып отырған сәтін көруге болады.

Еңбек ардагері Мұхаметқали Баймұратұлы Зайда Ілімжанова бастаған басқарма қызметкерлеріне рақметін айтып, ақ батасын берді. Өйткені, Наурызда алған батаның орны бөлек.

Мереке қарсаңында мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері еңбек ардагерлері: Н.М. Маликованы, Н.А. Казакованы, К.С. Баевты, Е.С. Коменецкаяны, Ю.А. Хлыновскийді, В.Н. Ерғалиеваны, К.И. Копнованы, К.Астыбаевты және басқаларын  Ұлыстың Ұлы күні –  әз Наурыз мейрамымен құттықтап, отбасыларында болып, құрмет көрсетіп, Наурыз көже таратты. Мерекемен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, денсаулық, бақ-берекелі ұзақ ғұмыр тіледі.