Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде Кеден тасмалдаушылар тізіліміне енгізу мемлекеттік қызметінің автоматтандыру жұмыстары аяқтады.
2022 жылғы 5 желтоқсан бастап «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде «Кеден тасмалдаушылар тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанына кезең-кезеңмен көшу басталады. Бастапқы кезеңде қызмет көрсетудің қағаз нысаны сақталады. Қағаз нысанын жою күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ ақпараттық жүйеде дербес тіркелу бойынша нұсқаулықтар («Онлайн оқыту» бөлімі) http://eokno.gov.kz порталының негізгі бетінде орналасқан. Кедендік тексеруді жүргізу күні, сондай-ақ өтінішті қарау мәртебесі туралы хбарламаларды жіберу үшін дербес тіркелу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажеттігіне назар аударамыз.
Пайдаланушыларды қолдану қызметі e-okno@kgd.minfin.gov.kz.
Өтініш нысанын толтырумен байланысты сұрақтар бойынша телеграм чаты t.me/eoknokz немесе МКД КӘБ 8701-716-0132 Искандиров Р.А.,арқылы хабарласуға болады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкері Тұрлыбеков Олжас Мұхтарбекұлы байланыс деректері 8 (7172) 71-82-82, o.turlybekov@kgd.gov.kz.