
Бар мейіріміміз балаларға
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік кірістер органдарының әлеуметтiк бағыттылығы және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жөніндегі 2016 жылғы 26 мамырдағы Іс-шаралар жоспарына сәйкес, Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтiк бағыттағы және жұртшылықпен өзара іс-қимылға бағытталған іс-шаралар аясында жұмыстар атқарылды.
Іс-шаралар қамқорлық көмек шеңберінде, ерікті түрде атқарылуда. Соның қатарында өткізілген іс шараларды атап өтер болсақ, қаламызда орналасқан «Талдықорған қаласындағы облыстық мамандандырылған балалар үйі» жетім балаларға және және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 2016 жылдың желтоқсан айының 23-де, қамқорлық көмек шеңберінде мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Т.Н.Керимбеков ұжымының атынан ерікті түрде балаларға «Жаңа жылдық» кешін өткізіп, концерт қойып, ойыншықтар, тәтті тағамдарды ұсынды.