
Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау
Қазақстанда киберқауіпсіздік саласын дамыту мәселелеріне жіті көңіл бөлінуде. Мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ және бизнеспен бірлесіп жүргізілетін жұмыстың нәтижесінде біздің еліміз киберқауіпсіздіктің жаһандық индексіндегі өз позициясын қарқынды жақсарта түсті. Қазір Қазақстан 40-шы орында. Айта кету керек, өткен жылы біздің еліміз 82 орында болған еді.
Өткен жылдар ішінде еліміздің киберқауіпсіздік саласын дамытудың негізгі тұжырымдамалық тәсілдері әзірленді. 2022 жылға дейін әрекет ететін "Қазақстанның киберқауіпсіздігі" тұжырымдамасы әзірленіп бекітілді. Осымен бірге, бірқатар заңнамалық актілер мен көптеген салалық бұйрықтар қолданысқа енді. Бұдан басқа, зиянды кодты зерттеу бойынша АҚ саласында сынақ зертханалары құрылып, ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (компьютерлік инциденттерге жеке әрекет ету қызметі (CERT), 7 жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығы (SOC)) жұмысын