Жарияланған күні: 09.11.2021 17:48
Өзгертілген күні: 09.11.2021 17:39

Салық төлеушілер алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптарының түрлерін өз еркімен таңдауға құқылы

 

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 3-тармағының 6) тамақшасына сәйкес алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларының қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларынан (ЕБМ) ақпаратты оқитын аспаптары болмаса, алкоголь өнімін сақтауға және өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, сіздердің назарыңызды, Заңда қолдануға рұқсат етілген аспаптардың белгіленген тізбесі көзделмегендігіне аударамыз.

Алкоголь өнімін көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілер нарықта ұсынылған аспаптардың түрлерін өз еркімен таңдай алады, егер ондай аспаптар ЕБМ маркаларының қорғау элементтерін айқындауға және (немесе) ЕБМ-нан ақпаратты оқуға мүмкіндігі бар болған жағдайда.