Жарияланған күні: 20.09.2021 17:41
Өзгертілген күні: 20.09.2021 17:42

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу бойынша пилоттық жобасы қашан аяқталады?

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды міндетті енгізуге дайындау үшін қосымша уақыт беру туралы бизнес-қоғамдастықтың келіп түскен ұсыныстарына байланысты акцизделетін тауарлар, ЕАЭО шеңберінде импорт/экспорт және «Виртуалды қойма» тауарлары бойынша пилоттық жобаның мерзімдерін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады ма?

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 176-бабына сәйкес тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша ресімдеу тәртібі мен құжат айналымын уәкілетті орган белгілейді. Тәртіп Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен бекітілген.

Бұл ретте, көрсетілген нормативтік-құқықтық акт жеке тұлғалардың тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, сондай-ақ растау бойынша міндеттемелері көзделмеген, тиісінше мұндай тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды.