
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 1 қазанға дейін мүлік салығын төлеу қажеттігін ескертеді
Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың меншік құқығына тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын мүлік бойынша салықтар бірыңғай мүлік салығы болып біріктірілді. Сол себепті салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша міндеттемелерді қамтиды және бірыңғай сомамен төленеді.
2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады.
Мүлік салығының сомасын төлеу мерзімі басталғанға дейін "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасында, сондай-ақ Kaspi.kz және Homebank банктерінің мобильді қосымшаларында kgd.gov.kz "Алдағы төлемдер" сервисінен білуге болады. Сол жерде бірден төлем жасауға мүмкіндік бар.
Бұдан басқа, салық салу объектілері бойынша ақпаратты "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасының "Салық әмияны" бөлімінде көруге болады.