Жарияланған күні: 30.07.2021 15:57
Өзгертілген күні: 30.07.2021 15:52

Онлайн БКМ  

ҚР Салық кодексіндегі жаңашылдықтар алдын алу шараларын қарастырып, заңды және жеке тұлғалардың салық төлеуін жеңілдетуге бағытталған.

Онлайн БКМ чегінде алушының ЖСН/БСН көрсетілуі шағын бизнес субъектілері үшін қосымша ауыртпалықтарды болдырмау мақсатында көзделген. Мысалы, ҚҚС төлеуші болып табылмайтын жеке кәсіпкер азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша 1 000 АЕК (2,9 млн. теңге) астам сомаға ЭШФ жазып берудің орнына сатып алушыға онлайн БКМ-ның осындай чегін ұсына алады. Сатып алушыға онлайн БКМ чегін ұсыну шартымен шағын кәсіпкерлік субъектілері мен тауарларды бөлшек саудада өткізетін тұлғалардың ЭШФ жазып бермеуі 2022 жылдан бастап ЭШФ жазып беру жөніндегі талаптарды алып тастауға байланысты көзделген.