
Бастапқы есептік құжат
Бухгалтерлiк құжаттама бастапқы құжаттарды, бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн, қаржылық есептiлiктi және есеп саясатын қамтиды.
Бухгалтерлiк жазбалар бастапқы құжаттар негiзiнде жүргiзiледi.
Бастапқы eceпкe алу құжаттары - бухгалтерлiк есеп жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжаттық растамасы. ("Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 28.02.2007 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-бабының 2) тармақшасы).
Операцияларды немесе оқиғаларды ресiмдеу үшiн қолданылатын бастапқы құжаттардың нысандары немесе оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтедi.
Нысандары немесе оларға қойылатын талаптар осы баптың 2-тармағына сәйкес бекiтiлмеген қағаз және электрондық жеткiзгiштердегi бастапқы құжаттарды дара кәсiпкерлер мен ұйымдар дербес әзiрлейдi не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген нысандарды немесе талаптарды қолданады, олар мынадай мiндеттi деректемелердi қамтуға тиiс:
1) құжаттың (нысанның) атауы;
2) жасалған күнi;
3) құжат өз атынан жасалған ұйымның атауы немесе дара кәсiпкердiң тегi және аты-жөнi;
4) операцияның немесе оқиғаның мазмұны;
5) операцияның немесе оқиғаның өлшем бiрлiгi (сан және құн көрiнiсiнде);
6) операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс ресiмделуiне жауапты адамдар лауазымының атауы, тегi, аты-жөнi және қолы;
7) сәйкестендіру нөмірі. (Заңның 7-бабының 3-тармағы).