
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде, 2016 жылдың 21 маусымында Салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңестің отырысы өтті
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде, 2016 жылдың 21 маусымында Салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңестің отырысы өтті.
Кеңес құрылымдық бөлімдердің басшылары, бизнес құрылымның, кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің және «Нұр Отан» ХДП Алматы облысы бойынша филиалының өкілдерінің қатыстуымен өтті.
«Жеке тұлғалар табыс пен мүліктерін декларациялау туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгеріс пен толықтыру еңгізізу» туралы Заңның қабылдалуына байланысты, келешекте мемлекеттік кірістер органдарына табыс пен активтері туралы декларацияны тапсыру әр қазақстандыққа қатысты болады.
Осы тақырыптың маңыздылығын ескере отырып, Мелекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Н.Абдуллина аталған Заңның негізгі ережелерімен таныстырды.
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің басымды бағыттарының бірі жалған кәсіпорындарға қарсы іс-қимыл.
Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы, Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасының аға тергеушісі М.Тажин баяндады.
Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының қызметі кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
Алматы облысының кәсіпкерлерінің өзекті мәселелері мен олардың құқықтарын қорғау жұмыстары туралы кәсіпкерлер палатасы басшының орынбасары Қ.Қабдиев айтып өтті.
«Оңалту және банкроттық туралы» Заңына еңгізілген өзгерістермен Борыштармен жұмыс жасау басқармасының бөлім басшысы Б.Нұрғыдыр таныстырды.
Консультативтік кеңесті тамамдай отырып, басшының орынбасары Э.Төлеубаев қатысушыларға алғысын білдіріп, Департамент келешектеде өзінің құзырындағы проблемалық сұрақтарды қарастыруға дайын деп, қатысушыларды Консультативтік кеңес мүмкіндіктерін өздерінің өзекті мәселелерін шешуге пайдалануға шақырды.