Жарияланған күні: 23.12.2020 11:00
Өзгертілген күні: 23.12.2020 11:01

 

Пандемия кезіндегі жеңілдетулерді ескере отырып, әлеуметтік салықты есептеу туралы

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Үкіметтің 2020 жылғы 30 қазандағы №721 қаулысында қарастырылған бизнеске берілген жеңілдіктерді қолданғанда әлеуметтік салықтың есептелу тәртібіне түсіндірме берді.

Салық кодексінің 486-бабының 3-тармағына өзгерістер енгізілді.
Аталған өзгерістерге сәйкес, бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын айқындау кезінде белгіленген қызмет түрлерінің тізбелері бойынша қызметін жүзеге асыратын микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, жеке практикамен айналысатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың ставкаларына «0» түзету коэффициенті белгіленген тұлғалар 2020 жылғы 1 қазаннан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін әлеуметтік аударымдардың сомаларын ҚР-ның заңнамасында көзделген «0» түзету коэффициентінсіз ескереді.

Тиісінше, әлеуметтік аударымдар ставкаларына «0» коэффициентін қолданбай әлеуметтік салықты есептеу кезінде 2020 жылғы 1 қазаннан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде әлеуметтік салық 6% мөлшерінде «нақты» төленуге жатады.

Осылайша, ставкасы 9,5% болатын әлеуметтік салық бойынша жеңілдік алған бизнес өкілдері жылдың аяғына дейін 6% ставкамен әлеуметтік салық төлейді.