Жарияланған күні: 09.12.2020 09:13
Өзгертілген күні: 09.12.2020 09:15

Алматы облысы бойынша МКД-де жұмыс кездесуі өтті

Бүгін, 8 желтоқсанда Алматы облысы бойынша МКД-де «Халық үніне құлақ асатын мемлекет:сөзден іске» тұжырымдамасы аясында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Сырым Амангелдіұлы Дынбаев және қоғам белсендісі, интернет-пайдаланушы Әділ Еділұлы Мұқашевпен "Бетпе-бет" атты жұмыс кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты проблемалық мәселелерді талқылау, көлік, жер және мүлік салығын төлеу кезінде халықта жиі туындайтын әкімшілік кедергілерді жою бойынша тиімді шешімдерін табу болып табылады.
Кездесу барысында С.Дынбаев атап өткендей, мемлекетті тұрақты салық түсімдерімен қамтамасыз ету үшін уақыт пен қаржы шығындарын қысқарту және парасатты салық төлеушілерді ынталандыру жолымен бизнесті дамыту үшін жағдай жасау қажет. Сондықтан жұмыста Мемлекеттік қызмет көрсетуге көп көңіл бөлінеді.
С.Дынбаев бүгінде Мемлекеттік кірістер органдары 42 мемлекеттік қызмет түрін көрсететінін атап өтті. Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтердің 97% электронды түрде көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру аясында өткен жылдың желтоқсан айынан бастап "E-Salyq" сервисінде "салық әмияны" мобильді қосымшасы іске асырылды, ол салық төлеу процесін жеңілдетті. Бұл өте ыңғайлы сервис дұрыс емес төлемдерді болдырмауға мүмкіндік береді, уақытты қысқартады және банктерге комиссия шығындарын болдырмайды.
Жыл басынан бері жеке тұлғаларға қатысты салықтық рақымшылық қолданылады. Басты шарт-мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша негізгі борыш сомасын төлеу. Негізгі қарызды өтеген жағдайда өсімпұл есептен шығарылады.
Бүгінгі күні Алматы облысының 228,0 мың азаматында көлік, мүлік және жер салықтары бойынша жалпы сомасы 3 116,0 миллион теңгеге қарыз бар.
Біз баршаңызды ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын салықтық рақымшылықты пайдалануға шақырамыз.
Сонымен қатар, байланыс орталықтарын құру кеңес алу процесін жеңілдетті. Кез келген салық төлеуші 1414 нөмері немесе 8/7282/601197 телефоны арқылы кеңес ала алады.
Сондай-ақ, көлік құралдарына салынатын салық сомасын есептеуді салық төлеушілер kgd.gov.kz - "көлік салығын есептеу" порталын пайдалана отырып дербес жүргізе алады.