
Заңсыз материалдық өтемақыны ұсынғаны үшін әкімшілік жауапкершілік
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 676-бабына сәйкес екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Заңды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы ұсынған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 678-бабына сәйкес жауапкершілік туындайды.
1. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ЗРК «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабына сәйкес өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық болып табылады.
Мемлекеттік қызметші білмей келiп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетiлген қызметтер үшiн ол республикалық бюджетке ақша аудару жолымен ақы төлеуге тиiс.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі – ЖАО) тапсырады.
Сыйлықты тапсыру белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган немесе ЖАО жасайтын Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі бойынша жүзеге асырылады.