Жарияланған күні: 20.02.2020 11:49
Өзгертілген күні: 20.02.2020 11:51

Тауарлардың электрондық саудасы

Тауарлардың электрондық саудасы - бұл жеке тұлғаларға тауарларды сату бойынша, интернет-дүкен және (немесе) онлайн-платформа арқылы келесі шарттар орындалған кездегі кәсіпкерлік қызмет:

- тауарларды сату бойынша мәмілелер электронды түрде жүзеге асырылады;

- тауарларға төлем банк аударымымен жүзеге асырылады;

- тауарды сатып алушыға (алушыға) жеткізу бойынша жеке қызметіміздің болуы немесе тауарларды тасымалдау, курьерлік және (немесе) почта қызметтерін ұсынатын тұлғалармен келісімшарттардың болуы.

Салық кодексі интернет-алаң мен интернет-дүкен туралы түсінік береді.

Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілер белгілі бір қызмет түрімен айналысатын салық төлеуші ​​ретінде тіркеуге жатады.

 

Алматы облысы  бойынша МКД

 түсіндіру жұмысы басқармасы