Жарияланған күні: 28.10.2019 18:46
Өзгертілген күні: 28.10.2019 18:48

 

28 қазан күні Сарқан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы “ОКА” техникалық қызмет көрсету орталығының өкілдерімен бірге онлайн бақылау-кассалық машиналарын қолдану бойынша ашық есік күнін өткізді.         Орталық өкілдері тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сатып алу және қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес берді.

         2020 жылдан бастап ҚР Салық кодексінің 166-бабының жаңа редакциясы қолданысқа енгізіледі, оған сәйкес салық төлеушілер үшін ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолдану бойынша босату алынып тасталды:

- патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын

- бірыңғай жер салығы негізінде АСР қолданатындар.

         Сонымен қатар, мақаланың жаңа редакциясы жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілері жоқ жерлерде тұрғандардан басқа барлық салық төлеушілер үшін БКМ-онлайн қолдануды ұйғарады.

         Бұл 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық салық төлеушілерге, оның ішінде жоғарыда көрсетілген арнайы құралдарды пайдаланатын салық төлеушілерге онлайн-БКМ-рын мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу және орнату қажет екендігін білдіреді.