Жарияланған күні: 28.10.2019 10:35
Өзгертілген күні: 28.10.2019 10:37

"Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде темекі, тері өнімдері мен гаджеттердің ірі партиясы ұсталды

2019 жылдың 26 қазанында "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде "Қорғас" ШЫХО қызметкерлері ҚХР-нан ҚР-ға шығу кезінде ҚР ҰҚК ШҚ 2088 ә/б және Алматы облысы бойынша ДЭР қызметкерлерімен бірлесіп, ұстады және тәркіледі:

         - Темекі бұйымдары, атап айтсақ "Mond" маркалы темекі өнімі 1243 блок (248 600 дана), "Oris" маркалы темекі өнімі 50 блок (10 000 дана), "Cavallo" маркалы темекі өнімі 115 блок (23 000 дана). Ұсталған темекі өнімдерінің жалпы саны 1 408 блокты құрады (281 600 дана темекі), жалпы салмағы 268 кг құрады.

         - Тері өнімдері, атап айтқанда 13 дана аң терісінен жасалған тондар, жалпы салмағы 19 кг.

- Жалпы салмағы 122 кг құрайтын қытайлық дәрі-дәрмектер.

- Компьютерге арналған жинақтамалар, атап айтқанда жалпы салмағы 13 кг болатын 18 дана аналық төлем.   

-"MI" маркалы фитнес сағат - білезіктер 48 дана, жалпы салмағы 3 кг.

Аталған істің барлық мән жайы анықталуда, ұсталған тауарлардың кедендік құны анықталуда. Содан кейін барлық қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Алматы облысы бойынша МКД