
Алматы облысы Қарасай ауданының МКБ қызметкерлері мәліметтерді жазу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын пайдалану туралы салық заңнамасын түсіндіру, сондай-ақ «Түбіртекті талап ет те - жүлдені ұтып ал!» науқанында халықты белсенді ету мақсатында сауда үйлеріне және аймақтық базарларға рейд жасап, акция шарттары бойынша жадынамалар таратты.
Акцияға онлайн режимінде фискалды тексеру деректерін ұсыну арқылы өнімді, жұмысты немесе қызметті сатып алуды растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алатындығын естеріңізге саламыз. Түбіртекті жібергеннен кейін, қатысушының 5000 теңгеге дейін қаражатты алу мүмкіндігі бар. Жедел сыйлықтардың жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Барлық жіберілген чектер акцияның бас жүлдесі - автокөлік ұтыс ойынына қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, науқанға қатысу үшін KKM онлайн-тексеру ағымдағы жылдың 21 тамызы мен 30 қараша аралығында жүзеге асырылады.