
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде мобильды топ жұмысын бастады
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде мобильды топ құрылды. Топтың мақсаты, айналымнан алынған БСҰ ставкаларымен төленген баж тауарларға өтпелі бақылауды қамтамасыз ету.
Мобильды топ қүрамына Департамент пен аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері кірді.
Мобильды топ қызметкерлері айырым белгілермен, жазуы бар, байланыс құралдармен жабдықталған автокөліктермен және нысанды киімдермен қамсыздандырылған.