Жарияланған күні: 05.10.2017 16:58
Өзгертілген күні: 05.10.2017 17:00

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының  бос және уақытша бос  мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін, осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы  ішкі конкурс (06.10.2017-10.10.2017 ж қоса есептегенде)

                  

                          Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

 

       С-R-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.  

 

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ. 040900 Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы, Тәуелсіздікке 10 жыл атындағы  көшесі, 54 А, анықтама телефоны: (82771) 2-15-31, факс 2-15-31, электрондық мекенжайы: Karasay@taxalmaty.mgd.kz, S.Nauryzbaeva@kgd.gov.kz «Б» корпусы бос  әкімшілік  мемлекеттік  лауазымдарға орналасуға  конкурс жариялайды:

      

                 Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-4

73288

99105

 

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ. 040900 Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы, Тәуелсіздікке 10 жыл атындағы  көшесі, 54 А, анықтама телефоны: (82771) 2-15-31, факс 2-15-31, электрондық мекенжайы: Karasay@taxalmaty.mgd.kz, S.Nauryzbaeva@kgd.gov.kz «Б» корпусы бос  әкімшілік  мемлекеттік  лауазымдарға орналасуға  конкурс жариялайды:

 Білімі:  Жоғары экономикалық және құқықтық, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.                                                                                                                          

  1. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің   Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы, (С-R-4 санаты) 1 бірлік (№07-2-3).

            Функционалдық міндеттері: Сот тексерулеріне қатысу, кассациялық және қадағалау шағымдарына қарсылықтар дайындау, басқарманың  талап-арыз жұмысын жүргізу, сот инстанцияларына шағымдар бойынша заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен ұйымдардан, кәсіпорындардан мемлекетке салық қарызын өндіріп алуды қамтамасыз ету жұмысын  бақылау және үйлестіру.  Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

             Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын; "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

           Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)"«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  1. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

              Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі күннен бастап  3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс. Құжаттарды қабылдау мерзімі 06.10.2017 ж.-10.10.2017 ж.  Конкурсқа қатысу үшін конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте ұсынады, почта не хабарландыруда ұсынылған Karasay@taxalmaty.mgd.kz, S.Nauryzbaeva@kgd.gov.kz электронды мекен-жайына электронды түрде немесе «Е-gov» мемлекеттік электрондық порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсына алады. 

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді.  

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

            Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Тәуелсіздікке 10жыл көшесі, 54А үй, Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өтеді.

           Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

           Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

           Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

 

Құжаттарды қабылдау Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ. 040900 Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Тәуелсіздікке 10жыл көшесі, 54А үй, байланыс телефоны 8(72771) 2-15-31, 2-17-55 факс 8(72771) 2-15-31, электрондық мекен-жайы: Karasay@taxalmaty.mgd.kz, S.Nauryzbaeva@kgd.gov.kz

жүзеге асырылады.

 

 

 

Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

___________________________

___________________________
___________________________

                                                                          ___________________________                        

                                                                          __________________________

                                                                         (мемлекеттік орган)  

 

 

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________             ____________________________________

(қолы)                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.