Жарияланған күні: 18.03.2017 18:19
Өзгертілген күні: 18.03.2017 18:21

2017 жылдың  17 наурызында, Талдықорған қаласының «Шаған» сауда орталығының жанында (Арбат) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен және Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, БАҚ , «Азаматтарға арналған үкімет»-мемлекеттік корпорациясымен  бірге «Бірге парасыз болашаққа»- атты акция өткізілді.

Акцияның мақсаты-әр азаматқа коррупцияға қарсы курес жайлы тусіндіру және мемлекеттік мекемелердің қызметтердін сапасын жақсарту.

Мобильді группа қала тұрғындарына тусіндіру жұмыстары атқарылып,  соның барысында Алматы облысы бойынша кірістер Департаментінің бас мамандары Алишеров А.И. және Тарыбаев Д.Б. шағын бизнес субъктілеріне жабдықталған кассалық аппарат және оңайлатылған декларация туралы кеңестер берілді.