Жарияланған күні: 26.01.2017 12:21
Өзгертілген күні: 26.01.2017 12:22

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін аталған мемлекеттік органда ішкі конкурс жариялайды

 

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

С-R-4 санаты үшін: Жоғары экономикалық және құқықтық, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.  Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-4

73 288

99 106

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Көксу  ауданы  бойынша  мемлекеттік  кірістер  басқармасы, БСН: 080740008619, индекс 041200, Алматы  облысы, Көксу  ауданы,  Балпық би ауылы, Измайлов көшесі, № 6, анықтама телефоны: (8-72838) 4-24-54, 4-24-51, электрондық мекен-жай: Koksu@taxalmaty.mgd.kz,

 

            Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс:

           

            Құқықтық – ұйымдастыру жұмыстары және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы,  С-R-4 санаты (1 бірлік)

Қызметтік міндеттері : Құқықтарды және мемлекеттік мүддесін қорғау, қадағалау, прокуратураның талаптарына уақытылы шара қолдану, сот  отырыстарына қатысу, касациалық шағымға қарсылық дайындау, соттық шағымдардың зандығын қадағалау. Ұймдастыру жұмыстарын жүргізу. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы экономикалық, техникалық білім.

            Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

            Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын; "Қазақстан - 2050" Стратегиясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Президентi» туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі, Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.

Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 2017 жылдың 27 қаңтарынан 31 қаңтарына дейін мына мекен жайы бойынша: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Көксу  ауданы  бойынша  мемлекеттік  кірістер  басқармасы, БСН: 080740008619, индекс 041200, Алматы  облысы, Көксу  ауданы,  Балпық би ауылы, Измайлов көшесі, № 6, анықтама телефоны: (8-72838) 4-24-54, 4-24-51, электрондық мекен-жай: Koksu@taxalmaty.mgd.kz қабылданады.

Аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері сканерленген құжаттарын Koksu@taxalmaty.mgd.kz электрондық мекен - жайға ұсына алады.

            Іріктеуге қатысу үшін:

            а) өтініш;

            б) кадр қызметімен расталған қызметтік тізімі талап етіледі.