Жарияланған күні: 13.01.2017 18:32
Өзгертілген күні: 17.01.2017 09:49

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

С-R-3 санаты үшін: жоғары білім;мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
            1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
            3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес;

            4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Кербұлақ  ауданы  бойынша  мемлекеттік  кірістер  басқармасы, 041100, Алматы  облысы  Кербұлақ  ауданы Сарыөзек ауылы  Б. Момышұлы көшесі 12, анықтама телефоны: (8-72840) 31-1-45, 31-2-13, факс 31-1-08, электрондық мекен-жай: kerbulak@taxalmaty.mgd.kz, Eashim@taxalmaty.mgd.kz. e.ashim@kgd.gov.kz «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі  конкурс жариялайды:

1. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  Кербұлақ  ауданы  бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

  1. Өндірістік емес төлемдерді және жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы  (1 бірлік) С-R-3  санаты,  № 05-1

            Функционалдық міндеттер: Өндірістік емес төлемдердің дұрыс есептелуі,  толықтығы мен уақытында енгізілуі және болжамның орындалуын бақылау.Әр табыс көзі бойынша салықтың бюджетке түсуін қамтамасыз ету жөнінде өндірістік емес төлемдер бойынша анықтама, қорытынды және ұсыныстар дайындау, әкімшілік жүргізуді, талдауды және бақылауды жақсарту мақсатында ұсыныстарды өңдеуге қатысу;  өндірістік емес төлемдердің бюджетке түсуін қарастыратын ҚР салық заңдылығын орындалуын қамтамасыз ету және тиімділігін оқып білу;өндірістік емес төлемдерді жинау үшін әкімшілік тәсілдерді талдау және оны жан-жақты оқып білу; аумақтық Мемлекеттік кіріс басқармалармен бірігіп өзіне бекітілген өндірістік емес төлемдердің түсу болжамының орындалуын бақылау, олардың түсу қарқынын қадағалау; өндірістік емес төлемдерді дұрыс есептеуін, толық және мезгілінде бюджетке түсуін қамтамасыз ету мақсатында бақылау жүргізу.Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Лауазымдық қызметақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 96 607 теңгеден 129920 теңгеге дейін.

Негізгі талаптар: Жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде 16.01.2017ж-18.01.2017 ж аралығына, мына мекен жайы бойынша: 041100, Алматы  облысы  Кербұлақ  ауданы Сарыөзек ауылы  Б. Момышұлы көшесі 12, анықтама телефоны: (8-72840) 31-1-45, 31-2-13, факс 31-1-08, электрондық мекен-жай: kerbulak@taxalmaty.mgd.kz, Eashim@taxalmaty.mgd.kz. e.ashim@kgd.gov.kz

Аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері сканерленген құжаттарынэлектрондық мекен-жай: kerbulak@taxalmaty.mgd.kz, Eashim@taxalmaty.mgd.kz e.ashim@kgd.gov.kz

электрондық адреске ұсына алады.

 

Іріктеуге қатысу үшін:

а) қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (төменде);

б) кадр қызметімен расталған қызметтік тізімі талап етіледі.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта және  «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.  

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

  

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

___________________________
(мемлекеттік орган)  

Өтініш

      Мені ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
   Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

      Қоса берілген құжаттар:      ________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________                                             _______________________________
             (қолы)                                                             (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____» _______________ 20__ ж.