
Салық органдарында ҮИЖ-ді қалай тіркеуге болады
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ҮИЖ салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарында тіркелуге жатады.
ҮИЖ-ді есепке қою, өзгерту, есептен шығару салықтық өтініш бойынша, орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарында келу тәртібімен немесе салық төлеушінің кабинетінде электрондық түрде жүзеге асырылады.
Пайдаланушы ҮИЖ-ді тіркеу үшін Мемлекеттік кірістер органдарына қағаз жеткізгіште мынадай құжаттарды ұсынады:
- белгіленген нысандағы өтініш;
- белгіленген нысандағы өтінішке қосымша және Біреуден артық кәсіпкерлік қызмет объектісі болған кезде өтінішке қосымша;
- ҮИЖ техникалық құжаттамасы;
- ҮИЖ өндірушінің паспорты;
- деректерді тіркеу және беру функциясы бар БКМ тіркеу карточкасы;
- ҮИЖ иесінің қорытындысы.