
Көлік құралдары салығы
Салық төлеуші. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. (Салық кодексінің 1 бөлімі 490 бап).
492-бап. Салықтық мөлшерлемелер
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:
1) жеңiл автомобильдерге:
егер осы тармақтың 2) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, В санатындағы (ВЕ, В1-ді қоса алғанда) автомобильдер;
жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (пикап автомобильдер);
рұқсат етiлген ең жоғары массасы және (немесе) жолаушылар орындарының саны бойынша В санатына (ВЕ-ні қоса алғанда) қойылатын талаптардан асып кететін, сыйымдылығы ұлғайтылған және жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары автомобильдер (жолсыз жермен де жүретiн автомобильдер, оның iшiнде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) жатады;
2) жүк автомобильдерiне:
егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, С санатындағы (СЕ, С1Е, С1-ді қоса алғанда) автомобильдер;
автомобиль шассиіне орнатылатын қатты жабық шанағы немесе вагон үлгісіндегі шанағы бар, өнеркәсіптік, азық-түлік және ауыл шаруашылығы жүктерін тасымалдауға арналған, шанақтың ішінде жүкті жинауға және бекітуге арналған құрылғылармен жабдықталған жүк бөлігін бөлетін қалқасы бар В санатындағы мамандандырылған жүк автомобильдері (автомобиль-фургондар);
борттық платформасы бар жалпы мақсатқа арналған В санатындағы жүк автомобильдері (пикап автомобильдерді қоспағанда) жатады;
Сонымен бірге, Салық кодексінің 490 бабына сәйкес. Егер өзгеше белгіленбесе, мыналар көлік құралы салығын төлеушілер болып табылмайды:
1) осы Кодекстің 697-бабында көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы өнімін өзі өндіру процесінде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша;
2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері – осындай арнаулы салық режимінің әрекеті қолданылатын, қызметте пайдаланылатын төмендегі қажеттілік нормативтері шегіндегі жеңіл және жүк көлік құралдары бойынша:
бір шаруа немесе фермер қожалығына қозғалтқышының көлемі 2500 текше сантиметрге дейін қоса алғанда бір жеңіл автомобиль бойынша;
бір шаруа немесе фермер қожалығына 1:1 арақатынасты сақтай отырып, қозғалтқышының шекті жиынтық қуаты егіндіктің (шабындықтардың, жайылымдардың) 1000 гектарына 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдері бойынша.
Бұл ретте, егер есеп-қисап қорытындылары бойынша көлік құралдарының саны бөлшекті мәні 0,5-тен бастап және одан жоғары бір бірліктен көп болса, мұндай мән тұтас бірліктерге дейін дөңгелектеуге жатады, егер 0,5-тен төмен болса, дөңгелектеуге жатпайды.
Егер есеп-қисап қорытындылары бойынша жүк автомобильдерінің саны бір бірліктен кем болса, қозғалтқышының қуаты барынша аз бір жүк автомобилі босатылуға жатады;
3) мемлекеттік мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;
4) осы Кодекстің 289-бабының 1-тармағына сәйкес келетін мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері – қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден аспайтын бір жеңіл автокөлік және бір автобус бойынша;
5) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;
6) меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер –салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1), 2) және 4) тармақшаларының ережелері осындай көлік құралдары пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген жағдайларда қолданылмайды.
Егер, Жеке тұлға салықтық берешекті өтемеген кезде салық органы белгіленген тәртіппен жеке тұлғаға табыс етуге жататын салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін аумақтығы бойынша тиісті әділет органдарына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді.