Жарияланған күні: 07.02.2022 18:06
Өзгертілген күні: 07.02.2022 18:00

2021 жылғы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметінің нәтижелері

 

 

2021 жылы мемлекеттік бюджетке түсімдердің жоспары 104,9% - ға асыра орындаумен қамтамасыз етілді (болжам бойынша 737,3 млрд.теңге, нақты түскені 773,7 млрд. теңге), деп хабарлайды Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

 

Түсімдердің 137,7% - ға өсу қарқынына қол жеткізілді және өткен жылдан 211,9 млрд. теңгеге артық өндіріп алынды (2020 жылғы факт – 561,8 млрд. теңге), оның ішінде:

Республикалық бюджет бойынша жоспар 102,3% - ға орындалды (болжам бойынша 388,0 млрд.теңге, іс жүзінде 396,9 млрд. теңге түсті).

Жергілікті бюджет бойынша атқарылу 107,8% құрады (болжам бойынша 349,3 млрд.теңге, іс жүзінде 376,7 млрд. теңге түсті).

Салық түсімдерінің және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің болжамды көрсеткіштерін орындау мақсатында Департамент және оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері Жалпы 2021 жылы 37,6 млрд.теңгеге, оның ішінде тірі ақшамен 27,6 млрд. теңгеге қосымша резервтер іздестірді. Оның ішінде:

- салықтық әкімшілендіру бойынша-22,4 млрд. теңге,

- кедендік әкімшілендіру бойынша - 5,2 млрд.теңге.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 4,6 млрд.теңгені құрады (2020 жылғы дерек – 23,0 млрд. теңге).