Жарияланған күні: 31.01.2022 17:06
Өзгертілген күні: 31.01.2022 17:20

 

ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою шегі төмендетілді

 

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін шегі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 30 000-нан 20 000-ға еселеген мөлшеріне дейін төмендетілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін ең төменгі айналым тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген АЕК-тің 20 000 еселенген мөлшерін құрайды.
2022 жылы АЕК 3 063 теңге мөлшерінде белгіленген, демек, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін ең аз айналым – 61 260 000 теңгені құрайды. Бұған дейін, 2021 жылы 30 000 АЕК, тиісінше – 87 510 000 теңгені құраған.
Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерді ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды уақытылы жүзеге асыруға шақырады.
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін айналымның шегің ұлғайтуға мүмкіндік берілген.
Ол үшін үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) қолдану қажет.

Кәсіпкерлер үшін ҮИЖ қолданудың қандай артықшылығы бар?
ҚҚС бойынша есепке қою үшін айналым шегі 20 000 АЕК-тен 134 184 АЕК-ке дейін ұлғайтылған. Дегенмен, аталған ұлғайту тек қана ҮИЖ бойынша өтетін қолма-қол ақшасыз айналымдарға (төлем картасымен төлеу) ғана қатысты.
Осылайша, ҮИЖ пайдалану кезінде табыс ұлғайған кезде оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер белгіленген шектердің асып кетуі немесе ҚҚС бойынша есепке қою қажеттілігі туралы алаңдаушылық туындамайды.

ҮИЖ қолдану үшін не қажет?
Бірінші, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына https://kgd.gov.kz/kk/content/ush-kuramdasty-integraciyalangan-zhuyelerdin-biryngay-tizilimi-1 сілтеме бойынша кіріп,ҮИЖ моделін таңдау қажет.
Екінші, ҮИЖ орнату үшін ҮИЖ әзірлеушісімен хабарласу.
Үшінші , салық төлеушінің кабинетіне кіріп, тиісті өтінішті толтырып, мемлекеттік кірістер органдарында ҮИЖ-ін тіркеу тіркеу.