Жарияланған күні: 29.07.2016 15:13
Өзгертілген күні: 29.07.2016 15:19

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің коллегиясы өтті

 28 шілдеде Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Қ.Исақовтың басшылығымен 1-ші жартыжылдыққортындысы бойынша коллегия өтті.

Баяндамасында 2016 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған  жұмыстардың қорытындысын айтты. 

Мемлекеттік бюджеттің жоспары 112,6 пайызға орындалды.Мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер бойынша жоспар  107 547  млн.теңге болса, түсім 121 103 млн.теңгені құрды,  жоспардан тыс 13 556 млн.теңге түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 6 451 млн.теңге, жергілікті бюджет 7 104 млн.теңге.

Өткен жылмен салыстырғанда 5 136  млн.теңгеге артық түсті және өсу қарқыны 104,4пайызды құрады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жұргізіледі. Департаментте сыбайлас-жемқорлықтың алдын алуға қатал шаралар қолданылады.Ағымдағы жылы тәртіптік комиссиясымен  47 қызметтік тергеу аяқталып, 63  қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимылұлттық бюросымен бірлесе екі қызметкер ұсталды.

Камералдық бақылау жұргізу нәтижесі бойынша 2016 жылдың 1 жарты жылдығында қосымша 2 947,4 млн.теңге есептеліп өндірілді.

Күнделікті, салықтық және кедендік міндеттемелерін мерзімінде орындамаған борышкелерге қатысты өндіру жұмыстары жүргізілуде және мәжбүрлеп өндіру шаралары қолдануда.

Сонымен қатар, жалған кәсіпкерлікпен сенімсіз салықтөлеушілерді анықтау, жолын кесу және қылмыс пен заңбузушылықты ашуға бағытталғын нысаналы жұмыс жұргізілуде.

              Коллегия барысында өзекті мәселелер мен оны шешудің жолы талқыланды.