Дата публикации: 11.04.2018 09:39
Дата изменения: 11.04.2018 09:39

Мемлекеттік қызметкерлердің моральдық-адамгершілік бейнесіне жəне іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы бірлесе отырып, «Мемлекеттік қызметшінің əдебі мен мінез-құлық нормалары» атты нұсқаулық Pocketbook (pocketbook–қойын кітапшасы) дайындалды.

Аталған нұсқаулықта қызметшінің жұмыс жəне жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық қағидалары қарастырылған жəне олардың парасаттылық мəдениетінің негізгі спектілері көрсетілген.

Ол түрлі жағдайлар туындаған кезінде мемлекеттік қызметшілерге көмекші құрал рөлін атқарады.

Мысалы: мемлекеттік қызметшінің жұмыс жəне жұмыстан тыс уақыттағы қарым-қатынас, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу жəне басқа да туындауы мүмкін жағдайлар мысалы көрсетілген.

Қызметкерлерге барынша қолжетімді жəне түсінікті болуы үшін нұсқаулықта барлық жағдайлар қарапайым түрде берілген.

Покетбук жағдайларды сипаттап қана қоймай, сонымен қатар орын алуы мүмкін жағдайлар кезінде дұрыс шешім қабылдау жолдарын мысал ретінде көрсетілген жəне жұмыс барысында туындаған жағдайларға талдау жасалған əдістемелік құрал.

Қойын кітапшасы кызметкерге ыңғайлы болып дайындалған.

Бұл нұсқаулықты дайындау кезінде əлемнің көптеген елдерінің жұмыс тəжірибелері алынған.

Мысалы, Индонезияда барлық мемлекеттік қызметші покетбукті қолданады.

Ал, Грузияда мемлекеттік қызметшілер үшін əдеп ережелерін сақтау және күнделікті қолдану мақсатында «Əдеп және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық ережелері» кітабы әзірленген.

Кітапта көптеген нұсқаулықтар мен жаттығулар қамтылған.

Осыған байланысты халықтың мемлекеттік органдарға сенімін арттыру жəне өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен облыстағы сегіз мыңнан аса мемлекеттік қызметшілерге покетбук таратылды.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқан "Мемлекеттік қызметші – жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білімін тәжірибеде қолдана алу, адалдық, белсенді өмірлік ұстаным сияқты негізгі қасиеттерге ие болуы шарт. Сондай-ақ мемлекеттік қызметші өз жұмысының маңыздылығын сезініп, өз елінің патриоты болуы тиіс" деп атап өткен.

Осы қағиданы барлығымыз ұстанып, елімізді өркендету үшін аянбай қызмет жасауымыз қажет.

 

https://drive.google.com/file/d/1l6qIPfLW4RJQFKMg8AaMOEBVjXKd6V0J/view?usp=sharing).