Дата публикации: 19.09.2017 12:08
Дата изменения: 19.09.2017 14:56

Көксу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы түрлі қайырымдылық шараларға да белсене қатысады. Соның бірі жыл сайын өткізілетін дәстүрлі «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!»- ұранымен  өтіп жатқан  қайырымдылық акциясысында: аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына әзірлеу. Яғни, оқуға қажет құрал-жабдық пен киім-кешекпен қамтамасыз ету. Осы ретте, аудандық басқарма Мұқаншы орта мектебінің 9-сынып оқушысы ата-ана қамқорлығынсыз қалған  Рубенко Петрға,  қатарынан қалмай мектепке баруына азды-көпті көмек көрсетілді. Оған мектепке киетін  формасы және оқуға  қажетті құрал-жабдықтармен толықтай алаңсыз білім алуына жағдай жасалды.