Жарияланған күні: 14.12.2018 18:23
Өзгертілген күні: 19.12.2018 09:24

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салтанатты түрде "Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!" Акциясының қараша айының жеңімпаздары Әбдірахманов Бауыржан Жеңісұлы, Аманжолов Қазыбек Ақылбайұлы, Бекежан Сейілханұлы Дархановқа бағалы сыйлықтарын табыс етті.
Жүргізілген науқанға қатысқандарыңызға үлкен алғысымды білдіре отырып, жолдарыңызда әрқашан тек бақыт жолықсын деп, отбасыларыңыз аман болсын деген жүрек жарды тілектеріді тілейміз және де Мемлекетіміздің дамуына зор үлес қосқандарыңызға алғыс айтамыз.