Жарияланған күні: 10.08.2018 15:32
Өзгертілген күні: 13.08.2018 17:05

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (ары қарай - Салық кодексі)  29 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері салық органдарын уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын мөлшерде шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етуге  келесі қызметпен айналысқан жағдайда міндетті:

- заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

- коммерциялық мақсаттарда жүргізілетін қоғамдық пікірге сауал жүргізу мен  әлеуметтанушылық сауал жүргізуді қоспағанда, қоғамдық пікірге сауал жүргізуді, әлеуметтанушылық сауал жүргізуді  зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

- аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда.

Осы тармақта көзделген талаптар Салық кодексінің 29 бабының 1 тармағының 2 тармақшасында көрсетілген заңды және жеке тұлғаларына,  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларға қолданылмайды. Шетелдік ұйымдардан  алынатын ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны   туралы мәліметтерді салық органдарына мәмілені жасасқаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде ұйымдар 017.00 үлгідегі нысан бойынша хабардар етеді. Шетелдік ұйымдардан  алынған және қолданылған  ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны   туралы, ұйымдар тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей осы ақшаны алған және қолданылған  кезде немесе мүмкін басқа кезде қолданылған жағдайда салық кезеңі (тоқсан) үшін 018.00 үлгідегі нысан бойынша ақпарат береді.

            Осы 018.00 үлгідегі нысан бойынша ақпарат беру алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті толық пайдалану кезінде тоқтатылады.
Бекітілген нысандар (017.00 және 018.00) алынған ақша үшін және (немесе) өзге  мүлікті пайдалану 1 теңгеден асқан жағдайда, Салық кодексінің 29-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлеріне қатысты хабарланып ақпарат тапсырылады.

   Таңдау бойынша ұйымдардан келесі ақпарат түрлері ұсынылады:

  •  қағаз түрінде – жазбаша;

  • электронды түрде - салықтық есептерді қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы.

     Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі (ҚР Әкімшілік кодексі) осы Ережені бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 460-1 және 460-2-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.