Жарияланған күні: 16.10.2018 17:54
Өзгертілген күні: 16.10.2018 17:55

Ауылдарда және кенттерде орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығының ставкаларынан басқа, объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығының базалық ставкалары уәкілетті орган Алматы облысы бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын жою қажеттігі туралы жазбаша ескерту береген күннен бастап жер учаскесін он есе ұлғайтылады.  

Бұдан басқа, жергілікті өкілді органдардың жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган жазбаша ескерту берген күннен бастап Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының ставкаларын он еседен аспайтын мөлшерде арттыруға құқығы бар.

Уәкілетті орган ұсынған мәліметтерге сәйкес, жер салығын әкімшілендіру, сондай - ақ салық заңнамасының нормаларын орындау мақсатында мемлекеттік кірістер органдары 21,3 млн.теңге сомасына он еселенген мөлшерде жер салығын төлеуге тартылды, оның ішінде 2016 жылы – 16,1 млн. теңге, 2017 жылы-5,2 млн. теңге.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барлық азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын бұзбауға шақырады, өйткені олар бұзылған жағдайда белгілі бір баптар мен жазалау шаралары қарастырылған.