Жарияланған күні: 11.02.2019 09:51
Өзгертілген күні: 11.02.2019 09:51

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) "Кірісті түзету" бойынша 341-бабына сәйкес, есептік көрсеткіштердің ең төменгі жалақы мөлшерінен ең төменгі есептік көрсеткішке өзгеруіне қатысты 26.12.18 ж. № 203-VI ҚРЗ сәйкес өзгерістер енгізілді.

Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 11-тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынуға жататын табыстарынан мынадай табыс түрлері алынып тасталады:

республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және осындай ұтыстарды есептеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 6-ға еселенген мөлшері шегіндегі бір лотерея бойынша ұтыс. Осылайша, 2019 жылы: 6 × 2 525 теңге = 15 150 теңге (2018 жылы: 50% × 28 284 теңге = 14 142 теңге).

Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 12-тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынуға жататын табыстарынан мынадай табыс түрлері алынып тасталады:

республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және осындай төлем күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 12-ге еселенген мөлшерінде бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсіптік оқытуға байланысты төлемдер. Осылайша, 2019 жылы: 12 × 2 525 теңге = 30 300 теңге ( 2018 жылы: 28 284 теңге).

Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынуға жататын табыстарынан мынадай табыс түрлері алынып тасталады:

жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын әрбір адамның жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табысы - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған бір жыл ішіндегі айлық есептік көрсеткіштің 282-ге еселенген мөлшері шегінде. Осылайша, 2019 жылы: 282 × 2 525 теңге = 712 050 теңге (2018 жылы: 24 × 28 284 теңге = 678 816 теңге).

Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 18-тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынуға жататын табыстарынан мынадай табыс түрлері алынып тасталады:

республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 94-ке еселенген мөлшері шегіндегі төлемдерге салық агенті күнтізбелік жыл ішінде жүргізген төлемдер. Осылайша,  2019 жылы: 94 × 2 525 теңге = 237 350 теңге (2018 жылы: 8 × 28 284 теңге = 226 272 теңге).

Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 27-тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынуға жататын табыстарынан мынадай табыс түрлері алынып тасталады:

Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегере отырып, жұмыс берушінің жүктілігі және босануы бойынша демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлеуге арналған шығыстары түріндегі - 12-еселік айлық есептік көрсеткіш шегінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күні қолданыста болған табыстар. Осылайша, 2019 жылы: 12 × 2 525 теңге = 30 300 теңге (2018 жылы: 28 284 теңге).

Салық кодексінің 293-бабының 1-тармағының 6-тармақшасындағы көрсетілген заңды тұлғалардың қызметкерлерінің кірістері, яғни "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінің заңды тұлғалардың – қатысушылардың жұмыскерлерінің табысы, ЖТС-мен салудан босатылады. 2018 жылдың Салық кодексінде - бұл норма қарастырылмаған.