Жарияланған күні: 24.05.2019 19:02
Өзгертілген күні: 24.05.2019 19:04

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т. Сәрсембаев 23 мамырда "Достық" кедені, "Алакөл" және "Теміржол" кеден бекеттеріне барды. Іс-сапар барысында жеке құрамға жаңа басшы Ерлан Ролланұлы Өмірзақовты таныстырды.

Е. Өмірзақовтың кеден органдарындағы жұмыс тәжірибесі мол.

Іс-сапарында Т. Сәрсембаев "Достық" кедені мен "Алакөл" және "Теміржол" кеден бекеттерінің инфрақұрылымымен танысты, қызметкерлердің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын, әкімшілік ғимараттарды және жұмыс орындарының техникалық жабдықталуын қарап шықты.

Жұмыс тәртібінде шекарада кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелер, даму перспективалары, СЭҚ қатысушылары үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелері қаралды.

Сапар қорытындысы бойынша кедендік төлемдер түсімдерін қамтамасыз етуді тапсырып, "ішкі тұтыну үшін шығару" кедендік рәсімі бойынша кедендік декларациялауды жүзеге асыру үшін СЭҚ қатысушыларын тартуға назар аударды, кедендік операцияларды жүргізу үшін қойма, уақытша сақтау қоймаларын  құру арқылы логистиканы дамыту қажеттілігі туралы атап өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту туралы жеке атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударды.