Жарияланған күні: 16.10.2018 16:43
Өзгертілген күні: 16.10.2018 16:44

Бүгін Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың ағымдағы жылдың 5 қазанында жарияланған "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» Жолдауы талқыланды.

Елбасы өзінің кезекті Жолдауында еліміздің басты байлығы – адам, ал басты басымдық – азаматтардың әл-ауқатының артуы екенін тағы да атап өтті. Біздің жетістіктеріміздің сандық көрсеткіштерінде өмір сүру сапасын нақты көтеру қажет екендігіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, еңбекқорлыққа баса назар аудару қажет. Табыстың тұрақтылығы осыған байланысты болады. Тағы бір маңызды бағыт – біліктілікті арттыру, өйткені жұмыс орындары бар, бірақ білікті мамандардың жетіспеуі өте өзекті. Сонымен қатар, жақсы ынталандыру – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни 28-ден 42 мың теңгеге дейін көтеру. Енді ол ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болмайды. Бұл қадам көптеген азаматтардың өмір сүру сапасын, оның ішінде бюджет саласын арттыруға мүмкіндік береді.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық бұзушылықтары бойынша қылмыстық жауапкершілікті қолдану шегі айыппұлдың ұлғаюымен 50 мың АЕК-ке дейін көтеріледі. Функциялары қаржы мониторингі комитетіне берілетін Экономикалық тергеу қызметі қайта ұйымдастырылатын болады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес үшін салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығара отырып, салықтық рақымшылық жасалады.

"7-20-25" жас отбасылармен тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін кеңейту бойынша бастамаға көп көңіл бөлінді.

Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескере отырып, барлық мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруды қамтамасыз ету, мектеп психологтарының жұмысын күшейту және басқа да жүйелі шараларды іске асыру тапсырылды.

Біз экономикалық қауіпсіздікті сақтауда тұрған қызметкерлер ретінде Елбасының сөзін зор ықыласпен қабылдап, қойылған міндеттерді шешуде барлық күш-жігерді біріктіретінімізге сенімдіміз.