Жарияланған күні: 07.09.2017 11:37
Өзгертілген күні: 07.09.2017 11:40

Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасымен жыл басында қабылданған меморандум аясында облыстың кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Алматы облысының бизнес – ассоциациясы, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Құқық қорғау органдарында жүргізіліп жатқан реформалардың басты бағыттары»-тақырыбында «дөңгелек» үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты Департамент пен жеке кәсіпкерлік арасындағы өзара әрекет етуді нығайту, қылмыстық заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды таныстыру бойынша өзекті мәселелерді талқыланды.

Кездесу кезінде, Департаменттің басқарма басшылары және қызметкерлер кәсіпкерлерге Экономикалық тергеу қызметімен қолданылған шаралар жайында мәліметтер жеткізілді. #LAW2017

 

Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі