Жарияланған күні: 05.12.2018 12:28
Өзгертілген күні: 06.12.2018 16:40

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті,                          2018 жылғы 2 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы арқылы, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық  және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексіне және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы заңының,  кірісті түзету туралы 341 бабына қосымша толықтыру енгізілгені туралы келесіні хабарлайды.

Атап айтқанда, 2019 жылдың 1 қаңтарынан  бастап "Табысты түзету" турасында    341 бабтың   1-тармағы   49) тармақшасымен толықтырылады.                                           Осы  тармақша бойынша жеке тұлғаның табысы азайтылады: 49) салық салынатын қызметкердің салық салынатын табысы - осындай табыс сомасының 90 пайызы  мөлшерінде аязады.

Осы тармақшаның ережесі қызметкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспайтын табысына қолданылады.

Мысалы: 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкердің салық салынатын табысы 90 пайызға  азаяды. Қалған жалақыдан  10 пайыз ставка бойынша жеке табыс салығы  салынатын болады. Яғни, салық жүктемесі 10 есеге төмендейді.

2018 жылға бекітілген айлық есептік көрсеткішті қолдана отырып,  қарапайым мысалда, төлем көзінен салық салынатын жеке табыс салығының келесі ұсынылған есебін қарастырайық.

Мысалы:  жалақысы айына 60 125 теңге (АЕК 2018 жылғы 2405 теңге 25 есесі).  Бұл сомадан 10 пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарының сомасы шегеріледі, яғни 6013 теңге, қалады – 54 112 теңге. Тағыда, 1 ЕТЖ – ең төменгі салық салынбайтын кіріс – 28 284 теңге шегеріледі. Яғни, салық салынатын табыс болып  25 828 теңге қалады.

Қолданыстағы механизм бойынша салық сомасы салық салынатын табыстың 10 пайызын құрайды, яғни 10 пайыз ставка бойынша 25 828 теңгеден  жеке табыс салығының сомасы 2583 теңгені құрайды.

Жаңа механизм бойынша салық салынатын табыс сомасы 90 пайызға  азаяды,  яғни 25 828 теңге сомасынан 23 245 теңге азаяды. Айырмасы                           2 583 теңгені құрайды. Салық ставка  мөлшері 10 пайыз. Осылайша, 2583 теңге есебінен, төлем көзінен салық салынатын жеке табыс салығы 258 теңгені құрайды.

 Мысал ретінде, нақты салық сомасы 2583 теңгеден 258 теңгеге дейін           10 есе төмендетіледі, ал жалақы қосымша 2325 теңгеге өседі. Бұл тетікті қолдану қызметкердің қосымша табыс табуын жылдам және кепілді түрде алуын көздейді.