Жарияланған күні: 21.11.2016 12:37
Өзгертілген күні: 21.11.2016 12:37

                     ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, Алматы облысы Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жоспарлы жұмысын іске асыруда бірқатар мақсатты шаралар белгіленді.

  «Жемқорлыққа – жол жоқ» деген тақырып аясында лециялар оқылып, тәжірибелік семинарлар өткізілуде.

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу барысында семинарлар өткізудің негізі -   мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің саналарын парақорлық секілді жамандықтардан таза ұстауға үндеу, қашанда тазалықтың мерейі үсем болатынын, адалдық арқылы жұмыс істеді түсіндіру болып табылады. Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»» Заңының талаптарын орындау барысында мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалар жауапкершіліктерін көтеруге де бағытталған. Олар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Осыған байланысты салық органдары сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, алдын алу және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзіреті шегінде жүзеге асырады.

    Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Заңның осы талаптарын орындау мақсатында айтарлықтай жұмыстар атқаруда.  Басқармада салық төлеушілер үшін сенім телефоны (4-25-18) жұмыс істейді. Басқарманың жұмыс жоспары бекітілген және «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлесіп халықтарды қабылдауға тізім жасалған, оған жауапты қызметкерлер белгіленген. Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша  басшылық тарапынан ұдайы техникалық оқулар, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады.

    Кез келген мемлекет секілді, Қазақстан үшін де сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріетін, саясаттың, эконмиканың дамуына кері әсер ететін кесел болып саналады. Сондықтан, салық органдары тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп қана қоймай, ашылған дәйектерді дер кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялап отыру, елге ерекше әсер ететінін білу міндет. Осы қадам арқылы біз халықтың сенімін күшейтіп, сыбайлас жемқорлықпен күресудегі белсенділікті артырамыз.

Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы  С. Сүлеймен